өнерлі шәкірт
Өнегелі шәкірт
Ауылымыздағы «Гагарино орта мектебінің» 11«ә» сынып оқушысы Саят Мәруға С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен өткен «Шығыс таланты-2017» байқауында жүзден-жүйрік,мыңнан тұлпар болып дараланып халықтың ыхылас қошеметіне бөленді. Шәкіртіміз бұған дейінгі өткізілген Жарқын болашақ Республикалық байқауында аудандық кезеңінің «Әнші бұлбұлдар бағытында» III орын, Республикалық Абай оқуларының аудандық кезеңінде «Көңілім әнді ұғады»бағытында бас жүлде, «Ұлан дауысы» атты аудандық ән фестивалінде бас жүлдеге ие болды. Ұлағатты ұстаздар қауымы Саят Мәруғаның әлі де биік белестерден көрініп, ел үмітін ақтайды деген сенімде.Саят Мәруғаның алдағы жарыстарда да, өнері үстем болып, асығы алшасынан түсіп, алтын ұя мектебіміздің атын шығарып жүре беруіне тілектеспіз! Ән әлемінде,өнер жолында еліміздің рухын асқақтатып, жан жақты талантымен танылатын Саят Мәруғадай жас таланттыларымыз көп болсын ағайын!
Манайхан Зоя